«Mad Mеn» тобының екі айлық турнесі қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кью-поп бағытында өнер көрсетіп жүрген «Мад Мэн» тобы, Қазақстан қалаларынан өзге, көрші мемлекеттегі тыңдармандарын да куантып қайтқан болатын. Бойзбендтің 2 айға созылған концерттік турнесі, Алматыда өз мәресіне жетті. Толығырақ тілшіміз айтады.

Бойзбензд өз тыңдарманын жаңа әуендерімен қуантып қана қоймай, жеке кездесуден де бас тартпады. 2 айға созылған кішігірім турнені Алматы қаласында аяқтаған жігіттердің, алған әсерлерлері де ерекше.

«Mad Mеn» тобы:

-Негізінде біздің тур, бірінші рет ұйымдастырған, кіші-гірім тур десе де болады. Әр қаланың өзінің бір алатындай изюминкалары болды. Барлығы бізді қолдап, қиыншылықтар да болды, бірақ, жақсы пікірлер және де жақсы естеліктер қалды.

Астана, Тараз, Шымкент, Талдықорған және Бішкек! Жігіттер «Mad Tour» деп аталатын гастрольдік сапарлары барысында тізімдегі қалаларды тегіс аралаған! Мемберлер отанымыздан өзге көршілес мемлекетте де кью-поп бағытын насихаттап қайтқан.

«Mad Mеn» тобы:

-Біз негізі кью-поп болып, Бішкекке алғаш рет бардық. Жаман емес. Бізді ол жерде жақсы қарсы алды, біз ойлағандай болып шықты. Сыйлықтар көп болды.

Алматыдаға жүздесу де ерекше дейді, «Медмэндіктер». Себебі, олар су жаңа «Періште» атты әнді тыңдармандарына сыйға тартты. Мемберлерінің қуанышына ортақтаса келген табынушылардың қарасы мол. Бұл әлі бастама ғана деген өнерпаздар, келешек жоспарларымен де бөлісті.  

«Mad Mеn» тобы:

-Қазір бізде камбэкке қызу дайындық жүріп жатыр. Себебі, біз қазір қателеспеуіміз керек. Жазда 2 бейнебаян шығады. Және барлық жасырып жүрген, қызықтырып жүрген сұрақтарды сол жерден таба аласыздар.

Ала жаздай тыңбай еңбектенуді ойластырған бойзбенд, қысқаша демалысқа аттанбақ. Олар шығармашылыққа тың шабытпен қайта оралуға уәде берді.