Аша мен Қарлығашты шаң қаптырған актриса кім?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық киноиндустияда «көркі көз сүріндірер» актриса кім?! Бұл сауалдың жауабын «Ең сұлу» картинасы анықтап бергендей. Алғашқыда, басты рөлдерге үміттілердің қатарында: Аша Матай мен Қарлығаш Мұхамеджанова болған еді. Алайда, қос сылқымның алдын әлі таныла қоймаған ару орап кеткен...

«Ең сұлу!» Күні кеше тұсауы кесілген картинаға, Қанағат Мұстафин режиссерлық еткен. Бұл жоба бастапқыда «16 қыз» комедиясының жалғасы ретінде жоспарланыпты. Алайда, түсірілім тобы алғашқы ойынан айнып қалған.

Қанағат Мұстафин, режиссер:

-Сценарий жаза бастаған кезде түсіндік. «16 қыздың» жалғасын жасамау керектігін, оның біткен дүние екен. Бірақ, персонаждарын қалдырдық. Берік Айтжанов, Аша Матайды. «16 қыз» романтикалық комедия болса, бұл криминалдық комедия.

«16 қыз» картинасында Аша Матай басты кейіпкерді ойнаса, бұл жолы ол тек эпизодтық рөлмен шектелген. Ал, ең сұлу сылқымды сомдау алғашқыда Қарлығаш Мұхамеджановаға бұйырғанымен, соңында тәжірибелі актрисаларды, Әсел Асқарова шаң қаптырып кетіпті.

Әсел Асқарова, актриса:

-Қанағат Мұстафин өзі хабарласып, сен келмесең болмайды енді. Сен Қарлығаш Мұхамеджанованың орнына ойнауың керек. Басты рөл деді. Содан кейін, келуге мәжбүр болдым.

Актерлық құрамның басым бөлігін, «16 қыз» фильміндегі кейіпкерлер құраған. Тың туынды, бағалы вазаға таласқан қарақшылар мен қала қонақтарының арасындағы жанжалды сипаттайды.

Қанағат Мұстафин, режиссер:

- «16 қыздың» персонаждары. Бірақ жаңа оқиғаға тап болады. Алматыға қалыңдық іздеп келеді. Келген кезде бандиттермен сөмкелері ауысып кетеді де. Біздің басты кейіпкерлеріміздің, қолына 20 млн доллар тұратын ваза қолдарына түседі.

Шытырман оқиғаларға толы кинотуынды, тұсаукесерге келген көрермендерді баурай алды ма?!

Қазыбек Қасым, тележүргізуші:

-Баянның махаббаттың соңында болатыны рас. Бұл жерде ешқандай трагедия жоқ. Бірақ көңілді тебірентетін кездері бар. Сол себепті, осының барлығын көру керек.