Төреғали мен Жан Мұқановтың татуласқаны рас па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өткен жылы Төреғалидың бес күндік концертін айxайлатып, үйлену тойын дүбірлетіп өткізген Жан Мұқанов, атышулы әншімен ат құйрығын үзіскен еді. Бірақ, соңғы уақытта продюсер Төрешке желі арқылы жылы лебізін білдіріп жүр. Сонда, араздасқан қос тарап қайта татуласқан ба?

Төреғали мен Жан «Айхай25» атты бес күндік концерттен кейін араздасып қалған еді. Бірақ, жуырда үшінші мәрте қызды болған әншіні, Мұқановтың әлеуметтік желі арқылы құттықтауы, көпшіліктің санасын сан-саққа жүгірткені бар.

 Жан Мұқанов, продюсер:

-Бұл жерде құттықтағаным, мен үшін ол бала, сәби! Бұл жерде оның кінәсі жоқ қой. Білмеймін, құттықтағым келді құттықтадым. Бірақ, ешқандай бір жұмысымыз жоқ. Хабарласпаймыз...

Жанның Ұлы дала баласымен қайта қауышу жоспарында жоқ! Өйткені, қос тараптың арасындағы өкпе-назға Төреғалидың командасы кінәлі көрінеді.  

Жан Мұқанов, продюсер:

-Кінәсі өзінде ғой енді. Бірақ ренжістік, қазір қатты ренжіс жоқ. Енді өмір өтті. Ол уақытта өтіп кетті.

Төрештің түрлі ісінен соң, оны жұрт «жұлдыз дертіне» шалдыққан деп топшылады. Ал, атышулы әншімен бір топта білім алған қатарластары, танымалдылығы артқан серінің бойында еш өзгеріс жоқтығын айтады.

 Анар Батырхан, актриса:

-Ол гастроллдерде жүреді. Оны ұстап алу өте қиын. Біз қандай да бір отырыстарда жиналатын болсақ, сол кезде Төреғали өте сирек келеді. Яғни, басқа қалаларда болып қалады. Бізбен ол әлі сондай Төреғали.

Бүгінде басы даудан арылған Төреғалидың ешкімде шаруасы жоқ! Қазіргі таңда ұлы дала баласы, еліміздің аймақтарында жоспарланған ән сапарында жүр!