«Хан соло: Жұлдызды шайқас оқиғасы»

Сообщить о проблеме с эфиром

Киносүйер қауымға тағы бір жағымды жаңалық! Лос-Анджелесте көптен күткен «Хан соло: Жұлдызды шайқас оқиғасы» картинасының премьерасы өтті.

Еске салсақ, аталмыш туынды тоғыз бөлімнен тұратын «Жұлдызды айқас» фильмінің екінші спин-оффы болып саналады. Фантастикада, Хан Солоның жастық шағы мен сенімді серігі Чубакка екеуінің бастан кешкен оқиғасы баяндалмақ.

Рон Ховард, режиссер:

-«Жұлдызды шайқаспен» алғаш рет жұмыс істеуім. Өз басым, әрдайым ізденіс үстінде жүремін. Сондықтан, мұны да үлкен тәжірибе деп санаймын. Ал, халық өз бағасын бере жатар.

Ал, отандық көрермен қиял-ғажайып лентаны, мамыр айының 24-нен бастап үлкен экрандардан тамашалай алады!