Ұлыбританияның ең бай музыканттары

Сообщить о проблеме с эфиром

Ұлыбританияның ең ауқатты өнер иелерінің рейтингі анықталды. Әйгілі битлздық Пол Маккартни көш басында тұр. Одан өзге қалтасы қалың жұлдыздар кім? Танымалдардың бір жыл көлемінде тапқан қаражаты қанша миллионнан асады?

«The Beatles» негізін қалаушылардың бірі - Пол Маккартни Ұлыбританияның «ең бай музыканттарының» көшін бастады. Ол өзінің жары Нэнси Шевеллмен бір миллиард доллардан астам қаражатқа ие көрінеді. Ерлі-зайыптылардың материалдық мүлкі де өткен жылға қарағанда әлдеқайда өскен.

Екінші орындағы, композитор Ллойд Уэббердың байлығы, Пол Маккартнидан 100 миллион доллар ғана кем түссе, «U2» тобы 772 миллионмен үздік үштікке енген.

Ал Ұлыбританиямен қатар, Ирландия елінің жасы отыздан аспаған ең қалталы өнер иелерінің тізімінің басында - атақты әнші Адель. Ол соңғы 12 айда 190 миллион доллар табысқа кенелген.

Ауқатты әрі жас музыканттардың рейтингінде екінші сатыға жайғасқан - Эд Ширан, 108 миллион доллар пайда тапса, «One Direction» тобының экс-солисі, Гарри Стайлс бір жылда 67 миллион қаржылай кіріс көріп, үштікті қорытындылап тұр.