Қыдырәлі мен Қарақат қыздарының туған күнін дүкірете атап өтті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақ эстрадасының өкілдері, тайлы-тұяғына дейін Астана қаласына асыға ағылды! Жұлдыздардың елордаға жиналуына себепкер болған – Қыдырәлі мен Қарақат. Болмановтар әулеті, кенже ұлының сүндетойы мен қыздарының тұсау кесерін дүркірете атап өтті.

Жұлдызды жұптың қуанышына ортақтасуға келгендер көшін Мейрамбек Беспаев, Ерке Есмахан, Алтынай Жорабаева сынды өнерпаздар бастады. Қыдырәлі мен Қарақат қонақтарына дресс-кодты ұстанып, қызыл түсті киім киіп келуін өтінген.

Дүбірлі тойда жиналған меймандардың бірі, кештегі суреттерді желіге жарыса жариялап жатқанда, өзгелері алып келген әншашуын тарту етті.

Ал, тұсауын кімнің кесетінін 1 жасар Аяланың өзі шешті. Балдырған бір уыс қағаздың ішінен, Қарақаттың құрбысы - Гүлбаршын Заированы таңдапты. Айтулы сәтті әнмен сүйемелдеу Жазира Байырбекова бұйырған.

Қуанышқа жиналған ерлер қауымы болса, ақ тер-көк терге түсіп арқан тартысып, тойдың көркін қыздырды. Қысқасы, жиналған жұрттың бұл кештен көтеріңкі көңіл-күймен, мәз болып тарқасқаны анық.