Роналду мен Месси жайлы фильм қашан жарық көрмек?

Сообщить о проблеме с эфиром

Футбол әлемінің жұлдыздары Роналду мен Месси жанкүйерлеріне тосын сый әзірлеуде. Қос аяқдопшының текетіресі мен табысты жолынан сырт шертетін фильм, жуырда үлкен экрандарға шықпақ! Бұдан өзге, мамыр айында, сіздер қандай кино туындыларды көре аласыздар?!

Зұлымдық пен әділдіктің күресі! Марго Робби ойнайтын «Ақырғы сәт» картинасы, АҚШ-тың қылмыстық әлеміндегі оқиғалардан сыр шертеді.

Қарақшылардың көзін жою мақсатында, даяшының кейпіне енген тыңшы қыздың хикаясы, көрерменге 17-ші мамырдан бастап жол тарпақ.

Ал, дәл осы күні отандық прокатқа «Шетте қалған» комедиясы шықпақ. Қызқұмар, әрі дөрекі миллионер Леонардо, күндердің-күнінде өз яхтасынан абайсызда құлап қалады. Оқыс оқиғадан соң, ол есін жоғалтып, бар өткенін ұмытқан. Сол сәтті ұтымды пайдаланған Кейт, ауқатты серіні өзінің күйеуі екеніне сендіреді.

Футбол жанкүйерлеріне арналған «Роналду мен Месси» атты картина да жарық көруге әзір. Екі аяқдопшының бәсекесі мен жеткен жетістіктерін баяндайтын деректі туынды қызықты болмақ. Ал, фильмді көрермен 18-ші мамырдан бастап үлкен экрандарда көре алады.