Амфар қайырылымдылық кеші

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, көрсетілімдерден соң Канн кинофестивалінің ығайы мен сығайы, Амфар қайырылымдылық кешіне ағылды. Той қонақтары қашан да өткен-кеткенді айтуға құмар... Жұлдыздар алғаш рет орталарынан табылмаған Харви Вайнштейнді еске алса, Милла Йовович оларға басу айтқандай болды.

Талай аткрисаның айыбы тағылған Харви Вайнштейн, осы уақытқа дейін қайырымдылық шарасының бас демеушісі, әрі ұйымдастырушысы болып келген. Алайда, экс-продюсерге күніміз қарап қалмады дейді жиналғандар.

Мила Йовович, актриса:

-Білесіздер ме, Амфар көмекке зәру адамдарға қол ұшын созатын керемет шара. Сондықтан, бұл кеште көңілге қаяу түсіретін адамдарды сөз қылмағанымыз жөн.

Бұл жолы Амфар кешінде бас қосқан бомонд СПИД-ке шалдыққан жандарға қол ұшын созу үшін, еш аянып қалмауға бар. Мәселен, Пэрис Хилтон ерлердің көмегінсіз-ақ әлемді өзгерте алатынына сенімді.

Пэрис Хилтон, актриса:

-Нәзік жандылардың да қолынан көп нәрсе келеді. Игі мақсат үшін арулардың діл осылай басқосуы мақтанарлық жайт.

Қайырымдылық кеші әдеттегідей «ДиКаприомен кездесу» сынды ерекше лоттар қойылған бәссаудамен аяқталды. Ал, шара ұйымдастырушылары Харви Вайнштейн болмаса да, қалай да қаражат жинауға барын салмақ.