Отандасымыз Самал Еслямова «Канн фестивалінде үздік актриса» атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жерлесіміз Самал Еслямова, голливудтық жұлдыздарды шаң қаптырды! Өнерпаз Канн фестивалінің «ең үздік актриса» марапатын еншіледі. Енді, бұл атақты Софи Лорен, Мерил Стрип, Джулиана Мурға қазақстандық қызбен бөлісуге тура келеді.

Самал Еслямоваға жеңіс сыйлаған «Айка» атты картина, қазақстанның тумасы, ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың туындысы. Бұған дейін актриса, дәл осы киногердің «Қызғалдақ» атты фильмінде төбе көрсеткен еді.

Самал Еслямова, актриса:

-Түсірілім кезінде қандай да бір қысым көрмедім. Бар ынтам лентада болды, жаныммен жұмысыма кірістім. Фильмді режиссермен бірлесе ойдағыдай етіп шығаруға тырыстым.

Драмадағы өз образын сәтті алып шығуы үшін, Самал жеті жылын сарп еткен. Дәл осынша уақыт, «Айка» лентасының түсірілімі жалғасқан. Сондай-ақ фильм, «Алтын пальма бұтағына» үмітті еді. Алайда, фестивальдің мәртебелі марпатын «Дүкен ұрысы» картинасымен жапондық режиссер Хирокадзу Корээда еншіледі.

Хирокадзу Корээда, режиссёр:

-Фильм көрсетілген соң жеңіске деген үміт пайда болды. Себебі, премьераны тамашалағандар қол соғып, жылы лебіздерңн білдіріп жатты. Араға 30 жыл салып, кезекті картинасымен Канн фестиваліне қайта оралған америкалық киногер Спайк Ли болса, гран-при еншілеп қайтты.

Спайк Ли, режиссер:

-Осыдан отыз жыл бұрын Канн-да «Дұрыс жолды таба біл» лентасының тұсауын кескен едім. Енді, міне араға қайта қосылдым.

Спайк Ли «Қара нәсілді жетекші» лентасы арқылы, нәсілшілдік пен жемқорлыққа қарсылығын білдірді. Енді режиссер, жеңістің арқасында наразылығы халық көкейіне жетеніне кәміл сенеді.