Әнші Адам, Батырхан Шүкеновтің беймәлім сырларын ашты.

Сообщить о проблеме с эфиром

Халықаралық байқауларға барған қазақстандық қатысушыларға, көзінің тірісінде Шүкеновтің қалай құрмет көрсеткенін білесіз бе? Батырхан жайлы бұрын-соңды ешбір жерде айтылмаған, тың ақпаратты әнші Адамның аузынан естідік.

Бұл бейнебаян - «Адам Х» дуэтінің дебюттық трегіне түсірілген туынды. Саксофон мен вокалды тоғыстырған жобада, әнші Адам мен Максим есімді музыкант өнер көрсетеді. Клипті Батырхан Шүкеновтің Мәскеу қаласындағы студиясында таспалапты.

Adam, әнші:

-Батыр ағамыздың студиясын, Батыр ағамыздың фотоларын және алған статуэткаларының барлығын түсірдік.

Бұл видеоның дәл бүгін, яғни Батырханның туған күнінде тұсауы кесілуі тегін емес. Шүкенов пен 2013-ші жылы «Жаңа толқын» байқауында ел намысын қорғаған Адамның таныстығы, Юрмалада тосыннан болған екен.

Adam, әнші:

-Түскі асқа шыққам бір кафеге. Сонда Батыр ағамыз достарымен отыр. Мен оған жолығып, осылай да осылай. Батыр аға мен Қазақстаннан келген қатысушымын. Маған бір-екі кеңес берсеңіз. Жақсы болар еді дедім. Ойй, маған тура бір сағаттай уақыт бөлді де. Өте жақсы қарым-қатынас болды арамызда.

Қазақстандық әншінің сахнадағы серігі Максим де тәжірибелі музыкант. Ол әйгілі «А-студио» құрамында өнер көрсетеді. Жақында «Адам Х» жобасы, тағы бір ресей жұлдызымен бірігіп дуэт жазбақшы.

Adam, әнші:

-Алдағы уақытта бізде үлкен жоба бар. Дуэт жазылады. Ресейдің бір әйгілі... Енді, кейбір мысалы менің құрдастарым үшін, аңыз «адам әртіс» деп айтуға болады. Рэпер кісі. Енді, қазір мен атын айта алмаймын.

Сонымен қатар, «Адам х» тобы халықаралық ән сайыстарда да бақ сынауды жоспарлап отыр.