Ольга Бузованы сотқа бермек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ольга Бузова «Жеңімпаз» атты клипты, спортшылардың құрметіне арнап таспалаған еді. Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Анна Погорелая болса, өзінің бейнесін рұқсатсыз қолданғаны үшін, Ольганы жауапқа тартуды сұраған. Енді, қос тараптың дауына сот нүкте қоя ма?!

Мәнерлеп сырғанаудың үздігі - Анна Погорелая өзін бейнебаяннан көруді мүлдем қаламаған екен. Тіпті бір ауыз рұқсат cұрамау, мен үшін заңбұзушылық деген Анна, Бузованың бұл қылығын құптаймайтын жеткізген. Ал Ольганың өзі болса, істі сотқа жеткізбей, спортшы қыздан кешірім сұрауды жөн көріпті.

Актер Джейк Джилленхол, «Өрмекші адам» картинасының кезекті бөліміне арнайы шақырту алған. Marvel компаниясының қалауы бойынша, Джейк зұлым кейіпкерді сомдамақ. Басты рөлдердің біріне келіскен актерға, алғашқыда Бэтменнің образы бұйырған екен. Ал, «Өрмекші адам» хикаясы жайлы фильм, 2019 жылдың жазында жарық көрмек.

Актер Хью Джекман, зейнетке шығар шағында, отау құруға шешім қабылдады. Ол, 3 баласының анасы, Анна Эберштейнмен заң жүзінде некеге тұратын уақыты келгенін түсінген. 57 жастағы актер, тіпті үйлену тойына қызу дайындықа кірісіп те кеткен деседі. Себебі, айтулы шара мамыр айының соңына жоспарланып отыр.