Райан Рейнольдс «Кек алушылар» картинасында бой көрсетпек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Райан Рейнольдс жақында ғана, өз жанкүйерлерін «Дэдпул-2» картинасымен қуантқан еді. Көрермендер, бұл фильмнің «Кек алушылардың» төртінші бөлімімен сюжетік байланысы бар екенін байқаған. Демек, әзілкеш кейіпкер, келешекте кекшіл каһармандарға көмекке келмек пе?

Марвел жанкүйерлері, «Дэдпул-2» фильмінде келешектен келген Кейбл мен Капитан Америка арасында байланыс барын байқаған. Себебі, қос кейіпкердің қолданатын сағаттары ұқсас екен. Жоба авторлары осылай уақытты үйлестіріп, екі картинаны біріктірмек ниетте деседі. Ал түсірілімі басталып кеткен, «Кек алушылардың» жаңа бөлімі, 2019 жылыдың мамыр айында жарық көрмек.

***

Джони Депп өзінің «Жалған әлем» атты, жаңа туындысының трейлерін ұсынды. Актер, аты аңызға айналған, рэпер Тупак Шакурға арналған картинада, басты кейіпкердің бірін сомдайды. Шытырман оқиғаға толы фильм, 2018 жылдың қыркүйек айында көрерменге жол тартады деп күтуліде.

***

Ал, Америкалық музыкант Ник Джонас, DJ Mustard-пен бірігіп, «Anywhere» атты әнге бейнебаян ұсынды. Ник бұл тректі, тыңдармандарына жанды дауыста «American Idol» шоуында орындап қуантқан еді. Қос музыкант, достықтың хикаясын клиптің сюжеті етіп таспалаған. Бұл жігіттердің алғашқы шығармашылық дуэті екен!