Дуэйн Джонсонның биіктіктен қорқатыны рас па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дуэйн Джонсон да көп ұзамай, жаңа кинотуындысының тұсаукесерін өткізбек. Ол жанкүйерлеріне, «Көк тіреген үй» картинасының трейлерін ұсынды. Фантастикалық жанрды жаны сүйетін актер, бұл жолы қандай оқиғаны басынан кешірмек?

Дуэйн Джонсон, бұл жолы Қытайға аттанбақ. Отбасы үшін сүйікті жұмысын тастаған ФБР қызметкері, кейін биік тұрғын үйдің қауіпсіздігіне жауапты болады. Бұл ғимаратты оқыста өрт шалып, тұрғындарға қауіп төнеді. Сол сәтте, ержүрек Дуэйн адамдарды құтқарамын деп жүріп, түрлі шытырманға тап болмақ.

Дженнифер Лопес «Dinero» атты жаңа бейнебаян ұсынды. Әнші бұл тректі, Cardi B және танымал DJ Khaled пен бірігіп орындаған. Осылайша, испан тілінде ән шырқаған Джей Ло, клипте байлық пен танымалдықты сипаттапты. Ол үшін сылқым, 80-ші жылдағы образды құп көрген.

Анджелина Джоли мен Брэд Питт екеуі ортақ балаларын бөлісе алмай дал. Қазіргі таңда, Энджи жұмыс бабымен Еуропаға көшпек ниетте екен. Ол өзімен бірге, 6 баласын алып кеткесі келетін айтқан. Бұл жағдайға үзілді-кесілді қарсы болып отырған Брэд мырза, Лос-Анджелесте қалуды құп көреді. Енді экс-жұбайлар, ұл-қыздарының қамқорлығы кімге тиесілі екенін заңмен шешу үшін, сотта жүздеспек.