Алуа Қонарова өзін ренжіткен бойзбендпен жұмысын жалғастыра ма?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінгі «Мунлайттық» музыканттардың, кезіндегі Қонарова құрған «Джуниорс» тобындағы жігіттер екені естеріңізде ме?! Қос тараптың қалай қоштасқанын да ешкім ұмыта қойған жоқ! Осыдан үш жыл бұрын, Алуа бұл бойзбендпен араздасып тынған еді. Ал, таяуда қайта татуласыпты.

Алуа Қонарова, продюсер:(18.05.2015ж)

-Бір рет көңіліңді қалдырған адамға тағы бір мүмкіндік бересің. Ол оны да ақтай алмайды. Үмітің желге ұшады. Меніңше мұндай жағдайда үшінші рет деген сөз артық. Алғашқы қиындықтарға, қашанда ұжыммен бірге төзе білу керек.

Алуа ханым, 2015-ші жылы «Джуниорстық» жігіттермен арадағы жанжалға, дәл осылай нүкте қойған. Бірақ, азулы продюсердің соңғы жазбаларында қос тарап татуласқан сыңайлы еді. Қонароваға хабарласқанымызда, шәкірттерін кешіргенін растады. Алайда, бұрынғы әріптестік жалғасады деген сөз жоқ!

Және де, осыдан бір ай бұрын ұстазын ренжіткен «Аюмилік» Айдана да, экс-басшысына гүл шоғын табыстап, екеуара қатынасты қайта жандандырған еді.

Алуамен арадағы даудан кейін, бұл өнерпаздар «Мунлайт» тобын құрды. Продюсері де басқа адам! Бірақ, жұмыс істеуде үйлеспеген жігіттер, жақында екінші жетекшілерімен де қоштасыпты. Ұсыныс топтың тарапынан түскен.

«Moonlight» тобы:

-Шындығы бізден болды. Ол кісі де ол жайында ойлап жүрген. Ол кісі де өзінің ойын айтты, келісетінін!

Бұрындары бір басшыға бағынатын бойзбендтің жоспары, бүгінде бес жігіттің талқысына түседі.

«Moonlight» тобы:

-Енді, қазір біз өзіміз тырысып жатырмыз. Жан-жақтан бесеуіміз, әрқайсымыз бір заттарға жауап беруге. Ол өте қиын!

Бірақ, «Мунлайттық» музыканттар қиындыққа мойымайды! Дәл қазіргі таңда топ мүшелері, дебюттық үнтаспаның жұмыстарын пысықтау үстінде!