Өнердегі әріптестері Луинаның өмірдегі шынайы болмысын ашып берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше отандық шоу-бизнес өкілдерінің басын қосқан Луина, өзінің туған күнін дүркіретіп атап өтті. 31 жасқа толған әншінің жеке мерекесінде, жұлдыздар жылы лебіздерімен қатар, жүрекжарды сырларымен де бөлісті. Әріптесімнің біз білмейтін құпиясы қандай?

Жеке меншік мерекесін атап өтуді дәстүрге айналдырған Луина, осы жылы қонақтарына дресс-код таңдауда еркіндік берген. Алайда, бұл жолы мерейтой иесін құттықтап келгендердің қарасы аз.

Луина, әнші:

-Бүгін мені сол баяғы жақындарым құттықтап келді. Барлығы біздің әртістеріміз, жұлдыздарымыз, мен өте қуаныштымын.

Өздерінің жүрекжарды тілектерімен қоса, сыйлықтарын арқалай жеткендер қатарында, Кентал да бар. Сөз кезегін алған сері, Луинаның бар сырын жайып салды.

Кентал, әнші:

-Енді, инстаграм парақшасында көбісі қарап, басқаша ойлайды да Луинаны. Өмірде ол өте таза жүрегі адам. Өте жақсы, өте тәртіпті адам.

Луинаның батыл образдарымен қызу талқыға түсіп жүргені, соңғы кездері құрбыларын да қатты алаңдатуда.

Анара Батырхан, актриса:

-Әрине сынға ұшырап жатыр, бірақ та ол өзінің қалауы. Егер де, өнерде ашық-шашық киінсе, өмірде ол өте қарапайым.

Рано Умарова, әнші:

- Луина өте мықты қыз. Өте мықты адам. Өте ашық көңіл және де өмірде жарқын адам. Бақытты болуға лайықты.

Ал, келесі жылы Луина, туған күнін арқа сүйер азаматымен қарсы алуды қалайды.

Луина, әнші:

-Өзіме денсаулық, сүйікті жар мен бала сүюді тілеймін. Және де шығармашылығыма табыс. Өмірді лайықты сүрсем деймін.