Дрейк жаңа туындысымен, әлемдік чарттарды қайта бағындырмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дрейк, «I'm Upset» атты кезекті туындысын ұсынды. Рэпер бұл трегінің хитке айналарына сенімді. Өнер иесі өзінің жаңа ән-жинағына да кірісіп кеткен екен. Ал тыңдармандары үнтаспаны қашан тындай алады?

Канадалық рэпер Дрейк, кезекті "Scorpion» атты альбомын жазуда. Осы орайда музыкант, жеке тыңдармандарына «I'm Upset» трегін де ұсынды. Бұл ән - үнтаспаға кіретін әуендердің бірі. Сонымен қатар, рэпердің жаңа әнжинағынан, жанкүйерлері «Godʼs Plan» және «Nice for What» атты туындыларын да тыңдай алады. Дрейк, бұл жұмысын маусым айының соңында жарыққа шығарамын деп жоспарлауда.

***

Поп-музыка патшасы – Майкл Джексонның жақындары, өнер иесінің арқасында әлі-күнге дейін табыс табуда. The Sun журналының сараптамасы бойынша, музыканттың атына, бір ғана 2016 жылы 590 млн долларға жуық пайда түскен. Салыстырмалы түрде, Джей Зи, Тейлор Свифт және Канье Уэст сынды өнер иелерінің, 2009 жылдан бергі барлық кірісі - 544 млн долларды құрайды. Ал Джексонның туыстары, бақилық болған әншінің арқасында, 700 млн АҚШ долларына кенелген.

***

Әйгілі «Тақтар ойынының» жұлдыздары - Кит Харингтон мен Роуз Лесли, үйлену тойларының күнін белгіледі. Актерлар, отау құру салтанатын 23 маусым күні, Шотландияда атап өтпек. Себебі, шаңырақ көтеру рәсімін өткізуге, Роуздың әкесінің тарихи ескі ғимараты таңдалыпты. Қазір 200-ден аса қонақ шақыртылған айтулы шараға, болашақ жас жұбайлар қызу дайындықта.