Канье Уэст, марқұм Уитни Хьюстонның бөлмесінің суретін не себептен сатып алған?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бірнеше күн бұрын рэпер Pushа T «Daytona»  атты альбомы жарық көрген еді. Бұл үнтаспаға Канье Уэст продюсерлік етті! Канье жаңа әнжинақтың мұқабасы ретінде, Уитни Хьюстонның бөлмесінің суретін 85 мың АҚШ долларына сатып алған. Уитнидің жиені Гэри Майклдың сөзінше, альбомдағы әндердің картинамен байланысы бар болғаннан кейін ғана, ол саудаласуға келіскен екен.

***

Ал Мэрайя Кэри өткенін ұмыту үшін, экс-ғашығы Джеймс Пэкер тарту еткен жүзікті - 7,5 млн долларға сатып жіберген. Миллиардер жігітінен қалған сыйлықтан, осылайша құтылуды көздеген сылқым, бұл жайлы саудаласқан зергерден жақ ашпауын өтініпті. Алайда, құпиясы белгілі болған әнші, енді шеберді сотқа бермек.

***

Ал «Чудо женщина» картинасымен танылған Галь Гадот, келер жылы Иерусалим қаласында өтетін «Евровидение» байқауына шақырту алған. Жоба авторлары актрисаны, жүргізуші ретінде көргілері келген екен. Алайда, голливуд жұлдызы бас тартыпты. Уақыт тапшылығынан ұсынысты қабыл ала алмаған Галь Гадот, ендігі өкініп жүргенін жеткізген.