«Юра дәуірінің әлемі-2» картинасы Қытайда таныстырылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Крис Прэтт пен Брайс ДАллас ХОвард Қытайдағы жанкүйерлерімен жүздесті. Голливудтық жұлдыздар, аспан асты еліне «Юра дәуірінің әлемі-2» картинасын таныстыруға келген. Ал, сиквелдың бесінші бөлімі бұрынғыларына қарағанда несімен ерекше?!

Алпауыт динозаврлар мамыражай әрі шуақты күндерде ғұмыр кешіп жатқан болатын. Алайда, аралдағы жанартаудың кенеттен оянуы, күллі тіршілік иесіне қауіп төндіреді. Енді, негізгі кейіпкерлерге қара басының ғана емес, бүкіл әлемнің қамын ойлауға тура келеді.

Шытырман оқиғалы сюжетпен өрілген «Юра дәуірінің әлемі-2»- фантастикалық сиквелдің бесінші өнімі. Ең алғаш алып аңдар туралы туынды таспалауды, осыдан 25 жыл бұрын Стивен Спилберг өз қолына алған еді. Сондықтан да, мерейтойға орай, картинаның ұжымы тұсаукесерге әр елге арнайы аттанған.

Аспан асты еліне ат басын бұрып, қытайлық жанкүйерлерімен кездесуге режиссер Хуа́н Анто́нио Байо́на – қос актер Крис Прэтт пен Брайс ДАллас ХОвард-ты ерте келіпті.

Хуаан Антоонио Байоона, режиссер:

-Фантастика арқылы эмоцианалды, сезімге толы туынды жасағымыз келді. Динозаврлар арқылы, қоршаған ортаның құндылығын көрсетуге талпындық.

Ал, отандық көрермен ғылыми-фантастикалық лентаға өз бағасын маусымның 7-сінен бастап бере алады!