Ал, әйгілі «Томас және достары!» мультфильмнің енді толықметражды нұсқасы үлкен экандарға шығады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ол 1984 жылдан бері балаларға арналған телехикая форматында, 19-маусым бойы үзбей көрсетілген екен. Енді, жаңадан таспаланған анимациялық туындының трейлері таныстырылды.

Ағылшындық әкелі-балалы жазушылар Уилберт пен Кристофер Одридің еңбегі, енді «Томас және достары! Ұлы Әлем! Үлкен Хикаялар!» атымен 2018 жылдың күзінде көрерменге ұсынылады. Оңтүстік Америка, Африка және Қытай елдеріне аттанатын басты кейіпер - отарба, өз достарымен сан қызықты оқиғаны бастан кешірмек.