Шоу-бизнестегі аққұба арулар өз наразылығын білдірді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәл бүгін әлем бойынша аққұба арулар күні аталып өтуде. Сары шаштылар үшін айтулы мереке қарсаңында, отандық шоу-бизнестегі кейбір нәзік жандылар өз ренішін білдіріп жатыр... Сонымен, жұлдыздарға жақпай жүргені не?

Әдетте сары шаштылар өзге әйелдерге қарағанда ақылсыздау келеді деген ой қалыптасқан. Алайда, бұл пікірмен әнші Анастасия Клещенко мүлде келіспейді.

Анастасия Клещенко, әнші:

-10 жыл бойы менің шашым сары түсті болды. Маған ол образым қатты ұнайтын. Және де аққұба арулар өзгелерге қарағанда, ақылсыз дегенмен келіспеймін.

Керек болса, бикеш өзінің ой-өрісінің биік дәрежеде екенін, дәлелдеуге дейін бармақ. Себебі, негізсіз айтылған сын оны қатты ренжітетін көрінеді. Анастасияның өнердегі әріптесі Анар Батырханға да кезінде аққұба атануға ұсыныс түскен. Алайда, актриса мұндай батыл қадамға бара алмапты.

Анара Батырхан, актриса:

-Негізінен киноға түскен кезде, маған сондай ұсыныс түскен, Анара сені сары шашта көреміз, сондай ақылсыз қыздың рөлін ойна дегенде, мен келіскен жоқпын. Мен шашымды боясам, мен ақылсыз боп қалам деген себеп емес, менің ойымша маған сары шаш жараспайтын сияқты.

Еліміздің эстрада өкілдері арасында шаштарын бояп, аққұба ару атанғандар жетерлік. Жұлдыздардың бұл көшін Айжан Нұрмағанбетова, Жәмиля Серкебаева, Лидо бастаса, соңғы күндері олардың арасына жаңашылдыққа жаны құмар Мақпал Исабекова да еніп жүр.