Дональд Трапмтың алдына Ким Кардашьян келді!

Сообщить о проблеме с эфиром

АҚШ президенті Доналдь Трамп, Ким Кардашьянды кездесуге шақырды! Танымал сәнқой мен саясаткердің ерек жүздесуі Ақ үйде болған. Ал, эпатажды арудың, үстіндегі әдеттен тыс киімінен-ақ, бұл сәтке көптен бері дайындалғанын аңғару қиын емес.

Кардашьян ханым президенттің алдына өмір бойы бас бостандығынан айырылған қылмыскердің күйін күйттеуге келген еді. Сәнқойдың пікірінше, үйінде есірткі сақтап, алғаш рет айыпты деп танылған Элис Джонсонға, тым қатал үкім шығарылған! Мәселенің оң шешім табарына қос тарап та сенімді. Ал, АҚШ-тың басышысына бұл жүздесу майдай жаққандай... Мұны кездесуден кейінгі, Трамптың твиттерге жариялаған жазбасынан аңғаруға болады.