Зинедин Зидан не себепті футбол әлемімен қош айтысты?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Испания футболы да, түрлі сенсация жасауға шебер ғой... Бірақ, ешкім күтпеген жаңалық – «Реал Мадрид» клубының бапкері, Зинедин Зиданның өз еркімен қызметінен кетуі болды. Биылғы Чемпиондар лигасын жеңген жаттықтырушы, бұл қадамға не үшін барды?!

Испаниялық «Реал Мадрид» клубының, үш жыл қатарынан Чемпиондар Лигасын ұтуына барын салған бапкер Зинедин Зидан, қызметінен кетуінің басты себебін айтты:

Зинедин Зидан, «Реал Мадрид» клубының экс-бапкері:

-Мен қатты шаршадым. Командаға қолымнан келгенше барымды бердім. Менің уақытым келді.

Мұндай жаңалықты күтпеген, мадридтік клуб жанкүйерлері Зиданмен қимай қоштасты, алғысын жаудырды.Француздық футбол мамамын – «Реал» тарихындағы ең титулды жаттықтырушылардың бірі болып қалмақ.

***

Пенелопа Крус өзінің жұбайы Хавьер Бардеммен, Мадрид қаласында өткен, «Open Arms» қайырымдылық кешінің басты қонақтары болды. Бұл шара, Еуропаға ағылған босқындар мен зардап шеккен қашқындарды қолдау үшін ұйымдастырылған. Ал жұлдызды жұп игі іс жолында өз тарапынан қаржылай көмек көрсетуге уәде берді.

Канье Уэст көптен күткен альбомының тұсаукесерін өткізді. «YE» аталатын әнжинақты жарыққа шығаруға, рэпер бір жыл дайындалған екен. Музыкантты жұбайы Ким Кардашьян мен өнердегі әріптестері қолдап келген. Канье, болса келген меймандарға арнайы жейделер мен альбомдар табыс етті. Ашық аспан астында өткен кешті, табынушылары тікелей эфир арқылы тамашалады.