Алмас Кішкенбаев 33 жаста!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Қош келдің 33!» деп, өз-өзін құттықтаған Алмас Кішкенбаев, соңғы кездері сахнадан көрінуді қойған. Ал, оның ұзақ уақытқа шығармашылық үзіліс алуының себебі неде? Тыңдармандарын сағындырған өнер иесі, сахнаға қайта орала ма?

2004 жылы елімізде алғаш өткен республикалық «Super Star KZ» ән байқауының жеңімпазы атанған Алмас Кішкенбаевтың, шығармашылығында жеткен жетістіктері аз емес.

Кезінде продюсерлікті де қолға алып, «V-Alem» бойзбендіне жетекшілік еткен болатын. 2011 жылы құрылған топ, бірер жылдан кейін өз жұмысын тоқтатты. Кейін, тек жеке әншілікке ден қойған Кішкенбаев, әр жыл сайын бір бейнебаян ұсынуды дәстүрге айналдырған. Тындарманын түрлі әндерімен қуантып жүретін Алмас, бүгінде сахнаға шығуын мүлде сиреткен! Ұзақ уақыт үзіліске кеткен өнер иесі, қазіргі таңда отбасына көңіл аударуда екен. Жұлдыздың, Зере мен Қалима есімді қыздары бар. Ал бүгінде, 33 жасқа келген әнші, туған күнінде өз өнер жолының алғашқы сәттерін еске алып, таяуда жанкүйерімді қуантамын деп жариялады!