Джастин Бибер өнер әлемінде кімге шабыт беріп жүр?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Канадалық әнші Шон Мендес, өзін Джастин Биберге ұқсататындарға жауап берді. Әйгілі жұлдызға еліктеуінің басты себебі – Бибердей болуды армандауы екен. Жас музыкантты шабыттандырған Джастиннің, бұған көзқарасы қандай?

Шон Мендестің, небәрі 20 жасында әлемге танылуына, Бибердің қосқан үлесі зор екен. Себебі музыкант, кезінде Джастиннің талантына тәнті болған көрінеді. Бибердің әншілік өнеріне еліктеп өскен Мендестің өзі, бүгінде билборд чартындағы жас орындаушылардың көшін бастап тұр.

Бретт Рэтнер, «Уақыт шыңы» фильмінің 4-ші бөлімін таспалайтын сәт келгенін айтқан. Алайда, режиссерге әйелдердің намысын таптады деген айып тағылған еді. Сол себептен, демеушілер ақшалай көмек көрсетуден бас тартып отыр. Дегенмен, жұмысына қайта кірісуге бел буған Бретт, лентанфы өз қаржысына да түсіруге аянбаймын дейді. Ал жоба авторлары, полиция қызметкерлерінің жаңа хикаясы қалай өрбитінін құпия ұстауда.

Кино әлемінде басшылық қызметте жүретін Харви Вайнштейн, енді басты кейіпкерге айналмақ. Режиссер Брайан де Пальма атақты киногер жайлы, фильм таспалауды жоспарлап отыр. Туынды, шынайы оқиғаға негізделіп, Харвидің бастан кешкен оқиғасын толықтай баяндамақ. Ал, Вайнштейннің хикаясы, хоррор жанрында болады деп күтілуде