Зируза жаңа бейнебаян таспалады.

Сообщить о проблеме с эфиром

Зирузаға қайта оралсақ! Кью-поп орындаушы, жақында ғана «Kesh» атты жаңа клипінің тизерін ұсынған еді. Табынушыларын бейнебаяннан бұрын, кейіпкер жігіт қызықтыруда.

Жанкүйерлері әншіні түрлі сұрақтардың астына алған.

- Әсеттен басқа адам жоқ па?

- Басқа жігіттер толып жүр ғой, неге Асет?!

Зируза, әнші:

-Өйткені ол, «Қиын оңай» бейнебаянының жалғасы десек те болады. Ал екіншіден ол режиссердің таңдауы, сол Әсеттің түсуі. Былай жалпы сол жалғасы болып саналады.

Зируза әншілік өнердегі кәсіби мансабының 1 жылдығын ресми атап өтпесе де, тыңдармандарын жаңа туындысымен қуантпақ. «Kesh» бейнебаянын таспалаған кюь-поп орындаушы үшін, миллион қаралым жинау басты мақсат емес.

Зируза, әнші:

-Мен үшін шыны керек, ең бастысы ол менің, жанкүйерлеріме ұнаса болды. Ал екіншіден, маңызды емес әрине қанша просмотр дейді ғой, маңызды жаңағы көремендердің ыстық ықыласы.

Ал, «loyals» жаңа бейнебаянды Зирузамен бірге тамашалай алады. Себебі, әнші 7 маусым күні жанкүйерлерімен арнайы жүздесіп, клипінің тұсауын кеспек.