«Найнти уандық» мемберлер араға қайта оралмақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәл қазір «Найнти уандықтар» көптен күткен камбэкке дайыналуда! Мемберлердің иглзға айтар жағымды жаңалықтары жетерлік. Қандай?! Бұл сауалға кью-поп орындаушыларының өздері жауап берсін. «Найнти уандық» мемберлер араға қайта оралмақ!

Үш айға жалғасқан шығармашылық үзілістен соң, «Найнти уандықтар» алғаш рет ашылып сұхбат беруге әзір. Кью-поп орындаушылары, ең алдымен осы уақыт бойғы үнсіздік жайында, иглзға есеп беруді жөн көрді.

«Ninety one» тобы:

-Үнсіздік бізде альбом жазумен өтті. Қазір кішкентай, мынандай мини альбом дайындап жатырмыз. Сол альбомның ішінде бірнеше өлең болады. Сол өлеңдерге дайындық жүріп жатыр.

Мемберлердің сөзінше, әнтаспа бұрынғылардан өзгерек болмақ. Музыкамыз да бізбен бірге үнемі түрленіп тұрады деген олар, альбомға ерекше атау таңдаған.

«Ninety one» тобы:

-Жаңа альбомның атауы «Дофамин» болып табылады. Дофамин деген - гармон. Ненің гармоны, ол бақытқа итермелейтін - мотивациялық гармон болып табылады. Дәл сол гармондар біздің өлеңдерде бар. Жалпы өлеңдерде. Ал, қазіргі өлеңдерде «Дофамин» басым болады.

Осылайша, «91-ліктер» тың музыкалық туындылары арқылы өз жанкүйерлерін бақытқа бөлемек. Ол үшін, «Найнти уандықтар» кезекті әнсапарын да жоспарлап қойған.

«Ninety one» тобы:

-Бізде жақында тур болады Қазақстан бойынша, турға деген дайындық жүріп жатыр. Негізінен сол дайындықпен өтіп жатыр үнсіздіктің бәрі.

Ал, күллі Қазақстанды аралап болған соң, кью-поп жұлдыздарының шетелге шығып концерт беруі де бек мүмкін. Бұл камбэк иглз үшін жағымды жаңалықтарға толы болмақ!