Украиналық рэпер T-Fest бейнебаян ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Украиналық рэпер T-Fest, «Иностранец» трегіне жаңа бейнебаян ұсынды. Ол тың видеотуындысын Қазақстан елінде түсірген. Сері ол үшін, тау-тасқа шығудан да тайынбапты.

Gazgolder-дің мүшесі T-Fest-тің соңғы жұмысына, қазақстандық клипмейкерлер Тимур мен Азамат Дулатовтар жетекшілік еткен. Рэпердің бейнебаянын таспалауға - Үлкен Алматы көлі таңдалыпты. Бұл әншінің көктемде тарту еткен, үшінші трегі болып табылады.

Осыдан 10 жыл бұрын ресейлік орындаушы Валерий Мелазде де, осы әнге өз нұсқасын ұсынған болатын. Ал, украиналық рэпер, аталмыш туындыны өз стиліне тән етіп орындаған.