Қарапайым отбасынан шыққан Александр Маккуин

Сообщить о проблеме с эфиром

Иә, сән әлемін бағындырған ерлер де жетерлік. Мәселен, Лондонда әйгілі Александр Маккуин туралы байопиктің тұсауы кесілді. Givenchy, Gucci, Puma брендтеріне айтулы үлес қосқан дизайнердің, ел естімеген сырлары қандай?

Әкесі көлік жүргізуші, анасы мұғалім. Қарапайым отбасынан шыққан Александр Маккуин, небәрі 16-жасында сән әлеміне қадам басқан. Мектеп бітіре салысымен ательеге көмекші болып жұмысқа кіріскенде, ол фэшн саласының жұлдызына айналарын әлі білмеген еді. Кейін, Givenchy, Gucci сынды танымал брендтердің киімдері, Александрдың қолынан шығатын болды.

Джанет Маккуин, А.Маккуиннің әпкесі:

-Лента бауырымның бірегей тұлға екенін көрсете алады деп сенемін. Әуел баста ол ешкім емес еді, бірақ ұмтылысының арқасында, әйгілі адамдардың біріне айналды.

Ал, әйгілі дизайнердің өмірін кинотуындыға айналдыруды Ян Бонот пен Питер Эттедги қолға алған. Қос режиссер байопикті дүниеге әкелу үшін, отбасылық мұрағатты біраз ақтарған көрінеді.

Ян Бонот, режиссёр

-Картина сән туралы емес. Бар болғаны, дизайнердің ерекше өмірін көрсеткіміз келді.

Аталмыш байопик маусым айының 8-нен бастап, көрерменге жол тартпақ