Зейн Малик пен сәнбике Джиджи Хадид қайта қосылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнші Зейн Малик, экс-сүйіктісі Джиджи Хадидпен 3 жылдық қарым-қатынастан кейін, қош айтысқан еді. Қос ғашық араға 3 ай салып, махаббаттарына қайта мүмкіндік беруді құп көрген. Жұлдызды жұп енді еш айырылыспауға серт беріпті.

Сәнбике Джиджи Хадид өзінің инстаграм парақшасына, Зейнмен бірге түскен суретін жүктеп, табынушыларын қуантты. Бірнеше ай бұрын қоштасқан жұлдыздардың бірге болуына, тығыз жұмыс кестелері кедері болған еді. Алайда бірін-бірі сағынған қос ғашық, уақыт табуды жөн көріп, енді мәңгі бірге болуға уәделескен.

***

Ал, америкалық рок-музыкант Джаред Лето кино әлеміне қайта оралмақ. Ол 2016 жылы «Қанішерлер жасағы» фильмінде Джокердің ролін сомдаған еді. Әнші, өз жетекшілігімен осы әйгілі кейіпкерге арнап жеке туынды таспаламақ. Сонымен қатар, фильмдегі тағы бір қаһарман Харви Квинге арналған жеке «Жыртқыш құстар» атты картина түсіру жоспарлануда.

***

Бейонсе мен Джей Зи көптен күткен әлемдік турнелерін бастап кетті. Музыканттар алғашқы концерттерін Уэльс қаласында өткізген. Әлемге танымал қос өнерпаздың кешіне, мыңдаған жанкүйерлері жиналған. 2014 жылдан бері алғаш рет, дүниежүзіндегі тыңдармандарын аралауды бастаған жұлдыздардың ән сапары, қазан айына дейін жалғасын таппақ.