Дженнифер Лопес, әшекей бұйымға 5 млн доллар жұмсаған!

Сообщить о проблеме с эфиром

Джей Ло болса, жақында ғана «Dinero» атты жаңа әнін ұсынып, бейнебаян да таспалады. Әнші, клиптегі образдарына арналған әшекей бұйымдарға 5 млн-ға жуық АҚШ долларын жұмсаған. Жұлдыздың қымбат видеосы үмітін ақтай ма?!

Карди Би және диджей Халедпен бірігіп, таспалаған Джей Лоның бейнебаяны, тыңдармандарының көңілінен шыққан. Әнші клипінде, бірден 13 түрлі образда көрінеді. Тіпті, әр киіміне арналған әшекей бұйымдарға, басы-қасы 5 млн-дай қаражат жұмсаған. Ал, жұлдыздардың бірлесе орындаған бұл әні, бірден әлемдік чарттарға ілінуде екен.

***

Ким Кардашьян жақында тұңғыш қызы, Норттың туған күнін атап өтпек. Ол кішкентай ханшайымының 5 жасқа толу мерейтойына, күні бұрын сыйлықтар ала бастаған. Тіпті қызына тарту еткен қол сөмкелерінің бағасы, 1500 АҚШ долларын құрайтын көрінеді. Бұл бағаға, Америкада пәтер жалдап тұруға да болады екен. Сәнқой сылқым болса, Норттың мұндай қымбат гардеробымен тек мақтана аламын дейді.

***

Ал әнші Ариане Гранде, өзінің табиғи сұлулығымен табынушыларын таң қалдырды. Әрдайым мейкаппен жүретін әнші қыз, британдық Vogue журналының кезекті санына, мүлдем боянбай түсуді құп көрген. Ал жұлдыздың әдемілігіне тәнті болған жанкүйерлері, әрдайым макияжсыз жүруін сұрауда.