«Миссия невыполнима 6» түсірілім алаңы

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтық жұлдыз – Том Круз кезекті туындысы үшін, басын қауіп-қатерге тігуден тайынбаған. Актер көптен күткен «Орындалмас миссия» картинасының 6-шы бөлімін таспалауда. Тың туынды үлкен экрандарға қашан жол тарпақ?

«Орындалмас миссия» – атыс-шабыс жанрындағы америкалық туынды. Фильмді ең алғаш 1996 жылы режиссер Брайн Де Пальма таспалаған. Басты кейіпкерлік, актер Том Крузға бұйырған еді. Ал картинаның осы уақытқа дейін 5 бөлімі көрерменге жол тартқан.

Жоба авторлары қазіргі таңда, туындының 6-шы бөлімінің түсірілімін аяқтауда. Итан Хант есімді тыңшының ролін сомдайтын Том Круз, фильмге қуана-қуана қайта оралған. Тіпті, актер кезекті картинасы үшін, барын салуда.

Кристофер МакКуорри, режиссер:

-Аса қауіпті трюктар жасау, көп актердің қолынан келе бермейді. Ал, Том мұндайға шебер. Мен ризамын.

Том Круз фильмдегі ролі үшін, 1 жыл көлемінде дайындалған екен. Тіпті, ұшақ тізгінін қолға алуды да үйренген. ЦРУ агентінің жаңа хикаясы, шытырман оқиғаға толы болмақ.