Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Боб Аруммен келісімшартқа отырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақстандық талантты кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы, АҚШ-тың әйгілі промоутер Боб Аруммен келісімшартқа қол қойды.

 

Аңызға айналған Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы, атақты Мохаммед Али, Оскар Де Ла Хойя, Джо Фрейзер, Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо сынды былғары қолғап шеберлерімен жұмыс істеген. Енді, 86 жастағы бокс маманы Жәнібектің кәсіпқой рингтегі ісін жүргізбек.

 

Боб Арум, 2013 жылғы Әлем чемпионы деген атағы бар Әлімханұлын, жуық арада дүние жүзіне танымал ететініне сенімді. Отандасымыз бұған дейін кәсіпқой бокста 2 жекпе-жек өткізіп, қос нокаут тіркеп үлгерген. Қазіргі таңда, ол Головкиннің дивизионы яғни орта салмақта өнер көрсетпек!