«Star of Asia» фестивалінің жұлдыздары қалай сұрыпталды?!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Star of Asia»! Талай тыңдарман тағатсыздана күткен ауқымды шоудың, дәл қазіргі таңда соңғы дайындықтары пысықталуда. Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, концерттік бағдарламаға енген жұлдыздар қатаң түрде сұрыпталған. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

«Star of Asia» фестивалінің ажарын ашатын әртістер тізімінде: әйгілі әнші Араш, өзбекстандық өнерпаз Севара Назархан, оңтүстік кореялық «Астро» бойзбенді, Ресейлік «Серебро» тобы бар. Американың поп-жұлдызы Анастэйша кештің басты хедлайнері болмақ.

Назгүл Қарабалина, ұйымдастырушы:

-Қазір кім трендте, соған қараймыз! Оның әлеуметтік желідегі белсенділігі. Біздің Қазақстандағы танымалдылығын қарап отырып, бәленбей әншінің атын алып келіп, ортаға салып, соларға шығып... Соның барлығын реттеп, осы әртістерге тоқтадық.

Ашық аспан астындағы концертте, меймандарға хип-хоп, кью-поп, рок, этно жанрындағы музыка көңіл-күй сыйламақ. Әр шоу-қойылымға ерекше әзірленіп жатқан отандық жұлдыздар да, кештің керемет өтетініне сенімді.

Динара Сұлтан, әнші:

-Қазір өте жоғары этаптамыз. Өйткені, біз күндіз-түні дайындықтамыз. Ол оңай нәрсе емес. Шыға салып айта салатын. Бізде үлкен команда болады. Үлкен музыканттар шығады. Сондықтан, бір-біріміздің сенімімізді ақтап шығуға тырысамыз!

«MadMan» тобы

-Қызу дайындық жүріп жатыр. Әлемдік деңгейден асып немесе әлемдік деңгейде өнер көрсетеміз деген ойдамыз. Себебі дайындалдық! Көресіздер!

Музыка мерекесінің көрермендері тек қазақстандықтармен шектелмейді. Екі күндік концерт, 3 сағат бойы, 118 мемлекетке тікелей эфир арқылы таралмақ!

Назгүл Қарабалина,ұйымдастырушы:

-Концерт туралы қаншама шет елдер естіп, әдейі сол күнге ұшып келіп жатқан қонақтарымыз бар. Біздің осындай әсем қаламыз Алматыны көрсін, біздің Қазақстанды көрсін. Біздің әншілерімізді көрсін деген ниетпен осындай фестиваль ұйымдастырып жатырмыз!

«Star of Asia» фестивалі осы аптаның сенбі мен жексенбісінде, яғни маусым айының 16-сы мен 17-сі күндері Медеу мұз айдыныда өтеді.