Қайрат Нұртас пен інісі ағылшыншасын мазақтағандарға жауап берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жөст май өнивөрс!» Қайраттың інісімен бірігіп таспалаған дәл осы клипін, келеке қылғандардың санында шек жоқ. Өйткені, әннің ағылшынша мәтінін айтудағы өнерпаздардың акцентін, көпшілік күлкіге айналдыруда. Ал, ағайындылардың да жұртқа айтар жауабы бар.

Бұл Қайраттың кезекті клипінің бірі емес - інісінің отандық шоу-бизнестегі дебюттық жұмысы. Алайда, қазақша мен ағылшынша мәтін аралас ән, желіге жүктелген сәтте бірден сын садағына ілікті. Көпшіліктің келемеждеуіне, бейнебаяндағы ағайындылардың акценті себеп болса керек.

Хитменнің бұл қадамын, желі қолданушылары Заңғарды тез танытудың тәсілі деп топшылауда. Яғни, қара пиардың жаңа түрі – «хайпқа» балайды. Ал, жұрттың жорамалы, жігіттердің жоспарын дөп басқандай.

Заңғар Нұртасұлы, Қ. Нұртастың інісі:

-Критика өте көп! Өзіме қабылдамаймын. Критика бар жақ - «хайп» дейді ғой!

Қайрат Нұртас, әнші:

-Қара пиар енді көбеймесе азаймайды. Қазіргі шығып келе жатқан өнер адамдары қара пиарды қолданып, тезірек атын шығару. Сондықтан, ол да бір еңбек шығар!

Ал, акцент жайлы айтылар әңгіме тым бөлек. Нұртастың кенже ұлы ағылшынша сөйлеуін мазақ қылғандарға, ұтымды жауап тапқандай.

Заңғар Нұртасұлы, Қ. Нұртастың інісі:

-Енді, акцент жайында болса, енді біз қазақпыз ғой. Жарайды біз қазақ тілінде акцентпен сөйлеп жатсақ, ондай сөйлесін. Ағылшын тілі өз тіліміз емес. Сондықтан, акцент әр адамда болу керек.

Тың тректі талқылау қызған шақта, Қайрат жанұясымен Түркияда демалып жүр. Бірақ, жұлдызды әнші қытығына тигендерге ғаламтор арқылы сәлемін жолдады.

Қайрат Нұртас, әнші:

-My Universe! Әңгіме болып жатыр ма бүкіл жерде? Бола берсін! Маған жақсы ғой. Айта берсін, айта берсін, айта беріңдер! Маған ол керісінше жақсы, рахаттанамын. My Universe!

Ал, ағасының бұл сөзіне інісі де толықтай қосылады.

Заңғар Нұртасұлы, Қ. Нұртастың інісі:

-Мен үшін бұл мотивация. Өйткені халыққа дәлелдету. Дауысым бар. Мен әлі шығамын.

Бүгінде, Қайрат пен Заңғардың ағылшын тіліндегі әні трендте! Аз уақыттың ішінде бұл бейнебаянды, 1 миллионнан астам адам тамашалаған.