Дакота Джонсон қонақүйде актер Крис Хемсвортпен бірге не істеп жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Көптеген ғашықтық хикаялардың басты кейіпкері Дакота Джонсон, Калифорниядағы Эль Рояль қонақ үйіне тоқтапты. Актриса жалғыз емес. Қасында актер, Крис Хемсворт те бар көрінеді. Қос әріптестің, бір түнде бастан кешкен оқиғалары, енді жаңа картинада көрініс таппақ...

«Эль Рояль қонақүйі» картинасындағы оқиға 1969 жылы өрбімек. Дакота Джонсон мен Крис Хемсворт басты рөлдерді сомдайтын туынды, триллер жанрында таспаланған деп күтілуде. Ескі ғимараттағы құбыжықтардан аман қалу үшін, жанын шүберекке түйген қос кейіпкер, түрлі шытырманға тап болмақ. Қорқынышты лента, 11 қазаннан бастап үлкен экрандарда көрсетілмек.

Тағы бір америкалық «Миллиардерлер клубы» триллерінде, бай-бағлардарды тонау мақсатында жоспар құрған жігіттердің тағдыры суреттелген. Тіпті, ұрлықтың соңы, олардың өміріне төнген үлкен қауіп болып қайта оралмақ. Аталмыш лентаны, көрерменнің 98%-ға жауығы, тағатсыздана тосуда.

АҚШ-тың атыс-шабысқа толы «Сібір» фильмі де толық нұсқалы трейлерін жарыққа шығарды. Фильм сюжетінде, бағалы тастармен айналысатын сатушы, Ресей еліне жұмыс бабымен аттанады. Іскерлік сапары барысында түрлі оқиғаға тап болып, Сібірге кетуге мәжбүр жігіттің рөлі, актер - Киану Ривзға бұйырған.

«Sonic pictures» компаниясы болса, «Соника» атты анимациялық туындыны ұсынбақ. Басты кейіпкерді дыбыстап, оған көрерменді ғашық ету функциясы

Тика Самптерге бұйырған. Ал, кірпінің бастан кешкен оқиғасын баяндайтын мультфильм, 2019 жылдың қарашасында таспаланып бітеді деп жоспарланған.