Эд Ширанның мүсіні мұражайда

Сообщить о проблеме с эфиром

Эд Ширан есімі табыстылар тізімін толтырмаса да, оның бейнесі ел есінде мәңгі қалмақ! Лондонда, орындаушының құрметіне ерекше мүсін жасалды.

Эд Ширанның бітім-бейнесінің балауыз нұсқасы, әйгілі Мадам Тюссо мұражайының арнайы тапсырысымен жасалған көрінеді. Еске салсақ, аталмыш музей 200 жыл бұрын ашылған. Содан бері, бұл мекеме талай танымал жанның мүсінін жасаумен әлемге әйгілі.

Клэр Трейси, мұражайдың PR менеджері:

-Эд – британдықтардың мақтанышы, дарынды музыкант. Сондықтан, өзгелермен қатар оның мүсінінің де біздің музейде болғанын қаладық.