Сұхбат алу сәтіндегі сабырсыз әнші немесе салмақты жұлдыз кім?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Йә, экранда жүрген жұлдыздардың жүздері жайдары, көңілдері көтеріңкі! Бірақ, олар да ет пен сүйектен жаралған. Сұхбат кезінде кедергі келтірсеңіз ашуланады, кей сәтте сабырлық танытатын танымалдар да бар. Өзіңіз куә болғыңыз келсе, сюжетті тамашалаңыз!

Атышулы «Кешью», әрдайым халықтың назарынан да, хайптан да кенде емес. Құрамы жиі ауысатын қыздар ұжымы, енді экс әріптестерін мақтаймыз деп, даттап қойған сияқты.

Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:

-Продакшннан шыққан қыздардың, бәрі бақытты болып жатыр деп айтпай-ақ қояйыншы. Негізі олай айтқым келмеген...

Иә, Балжанның айтқысы келгені, Баян басқаратын орталықтан түлеп ұшқан арулардың, барлығы талантты әрі танымал. Ал, сұхбат кезінде мазаласаңыз алғашқы ескерту былай естіледі.

Жанар Дұғалова, актриса, әнші:

-«Ребята, можно по тише, ради Бога. Я отвлекаюсь!»

Жеке өміріне қатысты сұрақ қойған сәтте кедергі келтірсеңіз, Жанардың аздап ашуға берілетіні бар.

Жанар Дұғалова, актриса, әнші:

-Қатты талқыланады деп айтпаймын... «Асхат, ты мне мешаешь сниматься. Хотя бы Вы родные не делайте так, пожалуйста»

Жанармен алтын құрамда ән салған Кәмшат та ешкімге есесін жібермек емес. Бірақ, сұхбат барысында кадрға шақырусыз кіріп келген Баян ханымға жай ғана жымиып қоюды жөн көрді.

Кәмшат Жолдыбаева, әнші, актриса:

-Қара түсті көйлек, мынадай үлкен...

Қайрат Нұртастың жұбайы да сабырлы жанның бірі. Журналистермен жүздесуде жарық сөніп қалса да, қалыпты болмысынан танбайды.

Жұлдыз Әбдікәрімова, актриса:

-Жеке кеші. Халыққа өзінің бір жолы бойы... Болмай қалды ма?!

Бұл #КадрданТыс! Келесі аптада бұдан да қызықты сұхбаттарды ұсынамыз!