Дэниэл Рэдклифф тың туындысын ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Анджелина Джоли іс-сапарларымен қатар, кинода да тер төгуін жалғастыруда. Актриса қазіргі таңда «Малефисента» картинасының 2 бөлімінің түсірілімінде жүр. Актер Дэниэл Рэдклифф болса, өз басты кейіпкерді сомдайтын «Ерекше тапсырма» атты фильмін ұсынбақ.

Жақын жанның өмірін сақтап қалу үшін, қылмыс – ауыр іс емес! Дэниэл Рэдклифф бұл жолы атыс-шабысқа толы «Ерекше тапсырма» лентасында бой көрсетеді. Актер, бұл фильмде сырқат әйелін аман алып қалу үшін, амалсыз заңсыз әрекеттерге де бармақ. Туынды, тамыз айында көременге жол тартады.

Голливудтық жұлдыздар, шынайы оқиғаға негізделген, «Енді сенің кезегің» картинасын ұсынуға әзір. Бұрынғы сыныптастар, жыл сайын бас қосып, қуаласпақ ойнауды әдетке айналдырған. Серілер, кезегін келесі адамға тапсыру үшін, түрлі жанкештілікке де әзір. Ал комедиялық туынды, 28 маусымнан бастап жарық көрмек.

Триллер жанрында түсірілген, америкалық «Альфа» картинасында 20 000 мың жыл бұрынғы оқиға суртеттелген. Аңшы жігіттің жабайы жыртқыштарға қарсы күресі жайлы жантүршігерлік картина, тамыз айының аяғынан бастап үлкен экрандарда көрсетілмек. Фильмге Альберт Хьюз режиссерлық еткен.