Билборд ән шеруінің үздіктері!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, жас рэпердің Билбордтағы тұғырын бүгінде өзге орындаушылар таласқа салуда. Әйгілі чарт әдеттегі дәстүрден таймастан, үздік әншілерді анықтады. Мықтылар арасында Maroon 5-та та бар. Асығы алшы түскен өнерпаздар кім?!

Осыдан екі апта бұрын Cardi B Bad Bunny, J Balvin-мен бірлесе жаңа бейнебаянын ұсынған еді. «I Like It» яғни «Маған ұнайды» трегі расымен көпшіліктің көңіліне жағып жатқандай. Үштіктің шырқаған туындысы, бірнеше апта қатарынан мықтылар тізімін босатар емес.

Алайда, Карди Би бұл жетістігін місе тұтуға құлықсыз! Оның тағы бір туындысы Билборд чартының тізімінен табылды. Өнерпаз ару мен Maroon 5 - тың «Girls Like You» атты ортақ трегі үздіктер қатарында. Ал, аталмыш әнге таспаланған клиптен Эллен Дедженерсты байқауға болады.

Рэпер Дрейк болса, өз орнымды өліспей беріспеймін дейді! Музыканттың 2 ай бұрын жарық көрген «Nice For What» трегі көш бастап тұр. Еске салсақ, өнерпаздың дәл осы туындысы британдық UK Singles Chart шеруінде де талайды шаң қаптырған еді.