«Хайп» тапқан жұлдыздар жетерлік.

Сообщить о проблеме с эфиром

Жылдам жұлдыз болғың келсе – «хайп жаса!» Қазіргі таңда тезірек танылу үшін, отандық шоу-бизнес өкілдері түрлі әрекеттерге барудан тайынбайтын болған. Тіпті, қара пиардың жаңаша жолдарын мықтап меңгергендер, бұл тәсілді атақ әкелетін жалғыз құралы санайды.

Ғаламторға жүктелген сәтте, тыңдармандарды бірден баураған «зың-зыңды» әркім өз кәдесіне жаратуға тырысып бақты. Бастапқыда вайнерлер таласса, уақыт өте аталмыш туынды Шымкенттің экс-әкімін де елең еткізгені ел есінде.

Соңғы кездері, 12 жылдық ғұмыры бар «Кешью» де «хайпқа» құмар болып алған. Атышулы ұжымның дәл осы клипі талай сынға төтеп берді және топтың танымалдылығын арттырды!

«KeshYOU» тобы:

-Негізі «Кешьюдің» әр бейнебаянына, әр шыққан әнін халық әрқашан сынға алып жатады. Жаман жағы да бар, жақсы жағы да бар. Сондықтан сынға дайынбыз.

Қайратты халық жақсы танығанымен, інісінің есімі елге бәймәлім еді. Таяуда ағасымен ағылшын тілінде ән шырқаған Заңғарды, бүгінде бәрі біледі. Шет елдік шығарманы акцентпен айтқан бауырларға, көпшілік кереғар пікір білдірсе де, мұны олар «хайп» деп қабылдайды.

Заңғар Нұртасұлы, Қ. Нұртастың інісі:

-Критика өте көп! Өзіме қабылдамаймын. Критика бар жақ - «хайп» дейді ғой!

Қайрат Нұртас, әнші:

-Қара пиар енді көбеймесе азаймайды. Қазіргі шығып келе жатқан өнер адамдары қара пиарды қолданып, тезірек атын шығару. Сондықтан, ол да бір еңбек шығар!

Ал, «Алембэнд» тобы – «хайп» жасаудың нағыз қаһармандары. Бұл бойзбенд тез танылудың басты қаруы ретінде Айжан Байзақованы жағалап жүр. Алғашқыда атышулы ару жігіттердің қалауы болса, дәл қазір «Қылықтым» деп еркелетеді!