«Люк Кейдж» телехикаясы екінші маусымының тұсуын кесті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Туынды Marvel жұлдызы қызыл кілемде! Нью-Йоркте әйгілі комикс желісімен таспаланған «Люк Кейдж» лентасы, екінші маусымының тұсауын кесті. Ал, суперқаһарман туралы телехикаяның жалғасы қандай болмақ?

Киноқұмар жұрттың ықыласына бөленген лентаның, премьерасына келгендердің қарасы мол. Тіпті, меймандардың көптігі соншалық, актерлар суретке түсу үшін арнайы алаңқайға сыймай қалған еді.

Ал, айтулы кештің жарық жұлдызы – сөзсіз Майк Колтер. Суперқаһарман туралы телехикаяда басты рөлді сомдаған ол, кейіпкеріміз екеуіміз мүлде ұқсамаймыз дейді.

Майк Колтер, актер:

-Карл – өте қырсық адам. Алайда, ол өзінің қоғамқа керек екенін жақсы түсінеді. Сондықтан да, батыл қадамдарға бармақ. Туындының бұл маусымы, бұрынғыдан да қызығырақ болуы тиіс.

Қазақстандық көрермен арасында да танымал болған «Люк Кейдж» туындысы Marvel кейіпкерін негізге алып, таспаланған төртінші телехикая. Түрмеден шығып, бостандықтың дәмін татқан суперқаһарман туралы лентаны түсіру бастамасын, кезінде Чео Ходари Кокер көтерген болатын.

Чео Кодари, «Люк Кейдж» телехикаясының атқарушы продюсері:

-«Люк Кейдж» болсын, «Қара қабылан» болсын Голливудта өз орнын табуда. Бұл нәсілшілдік маңызды емес деген сөз. Яғни, ақ немесе қара болсын – бәрібір, бастысы жасыл түс. Яғни, картинаның қанша доллар табатыны маңызды.

Расымен де, 13 бөлімнен тұратын телехикая - жетістікке жеткен картиналар қатарына енген. Лента бүгінде, Марвелдің ең қаралымы мол өнімінің бірі.

Ал, суперқаһарман хақындағы телехикаяның жалғасында да Люк Кейдж әлемді қауіп-қатерден қорғау міндетіне адал. Тек, бұл жолы оған мықты қарсылас кезігеді.