«Алатау» футбол командасы чемпиондықты қорғай алмады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұлдыздардан жасақталған «Алатау» командасына да осы жылы сәттілік серік болмады. Былтыр әртістер арасындағы әлем чемпионатында, жеңімпаз атанған отандық өнер өкілдері, биыл шет елдік әріптестерінен ойсырай ұтылған.

Былтыр бас жүлдені еншілеген «Алатау» командасы, осы жылы тек ондықта. «Арт-футбол» жобасының шарты бойынша, бір топта төрт команда өзара бәсекелеседі. Қазақстан құрамасы Белорусия, Ресей және Словениялық әріптестерімен сайысқа түсіп, үш елдің ұжымынан да ұтылып қалыпты.

Аңсат Ділдабай, «Moonlight» тобының әнші:

-Біздің тобымызды басқа топқа ауыстырып, сондай бір ыңғайсыздықтар туды. Соның себептері, бізге психолоиялық тұрғыдан әсер етті деп айта аламын. Және ойын сол күні болатынын айтты.

Жұлдыздар додасының үшінші орыны Ұлыбританияға бұйырса, күміс алқаны ресейлік әртістер тағынған. Ерекше ойын өрнегін көрсеткен румындық өнерпаздар - 2018-ші жылдың чемпиондары атанды.

Тhe kitchen songs, әнші:

-Мықты болған Румыния құрамасы. Чемпион болған құрама. Жақсы ойын көрсетті. Англияның ойыншылары кәдімгідей, кәсіби футболшылар сияқты ойын көрсетті. Қарап отырсаң да, өзі былай әдемі футбол көрсетті.

Ал, сәтсіздікке тап болған «Алатау» ұжымының дайындығы аз болған көрінеді. Негізгі құрам да толықтай қатыспаған. Мәселен, өткен жылы чемпион атанған Әділ Ахметов, Мәскеудегі дүбірлі додаға бара алмапты.

Әділ Ахметов, актер:

-Театрымызбен бір іс-сапар сәйкес түсіп қалып, жол түспей қалды баруға. Енді, спорт болғаннан кейін сол ғой. Бірде былай, бірдей былай. Кішкене жол болмай қалған шығар. Әйтпесе команда бабында болды деп есептеймін.

Бұл жеңіліс «Алатаулық» жігіттердің жігерін жанши қоймаған. Биыл ойсырай ұтылған отандастарымыз, келер жылы кеткен есені қайтарамыз деп отыр.