Өнердегі нәзік жандылар «алаяқ жігіттерден» аулақ болуға шақырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шоу-бизнестегі арулар бірауыздан, өзге қыздарды «альфонс» серілерден абай болуға шақырды. Өнер өкілдерінің сөзінше, соңғы кездері қалтасының қамы үшін, арам пиғылға баратын жігіттер көбейіп кеткен көрінеді.

«Кешьюлік» Балжан Бидаш алдамшы махаббаттың құрбаны атанбаса да, «альфонс» жігіттерді көптеп кездестіргенін айтады. Әнші аруды, ел сүйенер ерім дегендердің ақша үшін мұндай қадамға баратыны қатты қынжылтады.

Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:

-Сақтана алмайсың мысалы. Аңқау емес қыздардың өзі, жігіттерге алданып қалып жатыр да. Бір қыздың тағдырын құртып, сондай тірлікке барып мысалы. Ертең алдынан шығады. Жігіттер ондай істемей-ақ қойыңдар.

«Арулар альфонс жігіттерге алдануда» деп дабыл қаққандар арасында Сара Амангелді де бар. Арам пиғылын іске асырғысы келгендер, кезінде өнер иесін де айналып өте алмапты. Алайда ол, қырағы көзім сұм серілерді бірден байқайды дейді.

Сара Амангелді, әнші:

-Негізі ондай кісілерді көргенмін. Мен ондай кісілерге «не обращаю внимания». Ол кісілер ашық болады да, кішкене құтыршақ деген сияқты, «сәлем» деп, ондай балалар көрініп тұрады қандай оймен. «Альфонс» деген ана жаққа, мына жаққа қарап жүрген жігіттер.

Сүйіктісінің арқасында қалтасын қалыңдатқысы келетіндер, әсіресе шоу-бизнес өкілдерін жағалайды екен. Сол себепті, шығармашылық жолда жүрген жұлдыздардың өзгелерге айтары бір.

Назым Әбілдина, «KeshYOU» тобының әншісі:

-Ғашық болсаң, соқыр болсаң көрмей қаласың ондайды. Сондықтан, байқап жүріңіздер қыздар, байқап жүріңіздер ұлдар.