Қырғыз ағайындар «Movement dance battle» ұйымдастырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Есесіне, қазақстандық бишілер шет елде толағай табысқа жетуде. Мәселен соның бірі - айыр қалпақты ағайындар ұйымдастырған «Movement dance battle» жарысы. Аталмыш шараға, «Найнти уандық» мемберлер де қатысып қайтқан болатын.

Мадина Дәулетқызы, тілші:

-Дәл қазір біз Қырғызстанның астанасы – Бішекек қаласындамыз. Мұнда Азиядағы ең ауқымды би батлы өтуде. Айтулы жарысқа әр елден келген үміткерлердің қарасы мол. Олай болса, қатысушылардың өнерін бірге тамашалап көрейік.

Фрация, Швейцария, Америка, Қытай, Жапония және Қазақстан сынды әр елдің айтулы бишілерін бір шаңырақ астына жинаған – Жан Войнов. 21 жастағы өнерпаз, бүгіннің өзінде талантымен талай шетелдік сахнаны бағындырып үлгерген.

Жан Воинов, биші:

-Орталық Азия аумағында, шығармашылықтың барынша дамығанын қалаймын. Би батлы соның алғашқы қадамы ретінде, өте маңызды шара.

Creesto, биші (Франция):

-Мен Франциядан арнайы келіп отырмын. Поппинг бағытында өнер көрсетемін. Барынша шоу ұйымдастыруға тырысамын.

Ал, кіл мықтылардың басын қосқан сайыста бидің әр бағыты бойынша, арнайы жүлдені иемденгеннің көпшілігі отандастарымыз болды.

Бауржан Сейфуллин, биші:

-Біріншіден, Қазақстанды таныту үшін келген едік. Ал, екіншіден, шетелдік өнерпаздармен жарысып көргіміз келді. Қанша дегенмен қызық, әрі үлкен тәжірибе.

Айтулы кештің соңғы нүктесін «Найнти уандық» мемберлер қойды. Кью-поп орындаушылар би мерекесіне арнайы қонақ ретінде шақыртылған еді.

«Ninety one» тобы:

-Кью-поптың жалпы бірден-бір маңызды бөлігінің бірі, ол би болып табылады. Қай жағынан алып қарасақ та. Сол себептен, бұл би батлы біз үшін өте қызық және би батлынан алатымыз да көп, беретіміз де көп деп ойлаймыз. Сол себепті, кью поп пен би бір-бірімен тығыз байланысты.