Кардашьяндар әулетіне қастық ойлап жүрген кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кардашьяндар әулеті қыздарының сұлулығында да мін жоқ. Танымал отбасының мүшесі – Кендалл Дженнер, кезекті сән апталығының көрсетілімінде жүргенде, өздеріне қастық ойлаған жанкүйерге тап болған көрінеді. Жұлдызға қауіп төніп тұр ма?

Кардашьяндар әулетінің танымалдылығы, жұрттың сүйіспеншілігін тудырса да, кейбір жандарды мезі еткені анық. Мысалы, күні кеше, сәнбике Кендалл Дженнердің жолына кедергі болған бейтаныс жігіт, кеудесіне «бұл әулетті жою керек» деген сөздерді жазып алған екен. Ал, оның бұл қылығынан шошынған Дженнер сылқым, жақындарын сақтанып жүруге шақырған.

***

Актриса Шарлиз Теронға да табынушылары тыныштық бермеуде. Жұлдызды бикештің өз ұлын, қыз секілді киіндіретініне қатты таң қалатын көпшілік, оны жаман пікірмен сынауда. Ал, Шарлиздің айтуынша, Джексонның қалауы - Дисней ханшайымдарының көйлегін кию екен. Ерке баласының таңдауына қарсы келмеймін деген анасы, оған еркіндік беруді жөн көріпті.