Хлои Кардашьян өзіне опазсыздық жасаған ғашығын кешірді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Фильмдерде бой көрсетпесе де, «Кардашьяндар әулеті» шоуының жұлдызына айналған - Хлои, жеке өміріне араласқан табынушыларын сабырға шақыруда. Сәнбике, өзіне опасыздық жасаған қызының әкесімен неге қайта қосылғанын ашып айтты.

33 жастағы Хлои Кардашьян, енді жеке өміріне басқа жандардың араласқанын мүлдем қаламайды. Сүйіктісінің опасыздығын бірнеше рет кешірген Хлоиді, табынушылары түсіне алмай біраз әлекке түскен еді. Ал сылқым, Тристанды кешіруім, қызымның болашағы үшін дегенді алға тартады.

***

Карди Би, өзінің сүйіктісі, Offset құпия түрде тұрмысқа шығып алған екен. Әнші, бұл жайлы өзінің твиттер парақшасында жариялады. Ол, өткен жылы сүйіктісінен «Bet awards» премиясында ұсыныс алған еді. Ал, Голливудта эпатажды жұлдызды жұпқа айналған қос ғашықтың табынушылары, біз ұлан-асыр тойды күткен едік деп реніш айтуда.

***

Режиссер Джеймс Ганн, «Ғарыш күзетшілері» фильмінің үшінші бөлімінің сценарийін аяқтады. Лентаның сюжеті, «Кек алушылар: Ақырғы шайқас» картинасы арқылы өрбімек. Туындыға жаңа кейіпкер, Марвел комиксінің қаһарманы - Адам Уорлок қосылған. Жоба авторлары, келер жылдың ақпан айында түсірілімге кірісіп, 2020 жылы картинаны жарыққа шығармақ ниетте.