Әлем біріншілігінің сұлулары!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатында, өз елінің құрамасын немесе сүйікті футболшысын қолдауға келген танымал жандар да жетерлік. Футбол фанаттарының ортасында, көптің бірі болып жүрген жұлдызды жанкүйерлер жайлы, келесі сюжеттен біліңіз...

Латын Америкасының сұлулары, араб елдерінің арулары, орыстың көзтартар қыздары, еуропалық сылқымдар мен азиялық қаракөздер... Барлығын табыстырған - Ресейде футболдан өтіп жатқан әлем біріншілігі. Солардың арасында, сүйіктісі Роналдуға демеуші болып, Джорджина Родригес те жүр. Ол, Криштиану командасымен ойын өткізген әр қалада, үнемі португалиялық жанкүйерлердің ортасынан табылады!

Жүректің қалауына, шектеу жоқ! Ресейлік тележүргізуші, актриса Виктория Боня болса өз елінің намысын жыртқан футболшыларын емес, Бельгияны барынша қолдауда. Сұлу бикешті енді 1/8 финалға өткен Ресей құрамысының келесі матчында көріп қалуымыз мүмкін.

Танымал Колумбиялық модельдердің бірі Уитни Адда да, өз елінің аяқдопшыларын қызу қолдауда. 1/8 финалға шығу үшін жанталасып жатқан колумбиялықтар үшін, мұндай сұлулардың қолдауы ауадай қажет-ақ. Жалпы, Ресейдегі жаһандық доп додасына саяхаттай келген арулар, чемпионаттың ажарын одан сайын аша түскен.