Бір апта бұрын көз жұмған, рэпер XXX Tentacion!

Сообщить о проблеме с эфиром

XXX Tentacion-ның да жанкүйерлері жетерлік. Тіпті олар әлемнің түкпір-түкпірінен АҚШ-тың Санрайз қаласына жиналып, рэперді еске алуда. Марқұм музыкантқа арнайы мүсін қойылған еді.

Джасей Онфройды, еске алу үшін жиналған тыңдармандарының қарасы мол. АҚШ-тың Санрайз қаласында, марқұм рэпердің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды. XXX Tentacion есімімен етене таныс музыканттың, ән әлеміне қалдырған мұрасы, табынушыларының есінде мәңгі қалмақ.

***

Ал, америкалық рок-музыкант - Джаред Лето, енді «Өрмекші адамның» спин-оффында, басты кейіпкерлердің бірін сомдайды. Әншіге Морбиус есімді жауыз кейіпкер жайлы жаңа фильмдегі рөлдердің бірі бұйырған. Аталмыш лентаға, Даниэль Эспинос режисерлық етеді. Марвел компаниясы бұдан былай, батыл қаһармандармен қатар, зұлым күш иелері туралы да фильмдерді таспалауды қолға алмақ.

***

Күні кеше Лондон қаласында «Патрик» комедиясының тұсауы кесілді. Туындыда актриса Битти Эдмондсон басты кейіпкердің бірін сомдайды. Қызыл кілемге жиналған алғашқы көрермендер, өздерімен бірге иттерін де ерте келіпті. Себебі лента, күшіктер жайлы болмақ.

Битти Эдмондсон, актриса:

-Сіз білесіз бе, отбасылық комедиялар жанға жақын. Шаршаған сәтте, көре беруге болатын фильм деп ойлаймын.

Фильмде Сара есімді мұғалім сөйлей білетін иттерді кездестіреді. Комедиялық лентаны, шілде айынан бастап үлкен экрандардан көре аласыздар!