Жазда шыққан жаңа бейнебаяндар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Эд Ширан «Sam» әнінің акустикалық нұсқасын, өнердегі әріптесі Джессика Уэйрмен бірігіп, орындаған болатын. Енді, қос музыкант осы трекке таспаланған жаңа бейнебаянын үсынды.

Эд Ширан мен Джессика Уэйр су жаңа туындыда жасандылықтан ада. Бейнебаянға арнайы сюжет ойлап тауып, әуреленбеген. Қос өнерпаз, тек әсем орындау арқылы тректі тыңдарманға жеткізгісі келгендей.

Ал,таяуда марқұм болған, рэпер XXX Tentacion-ның «Sad» атты жаңа клипі жарыққа шықты. Жас музыкант көзі тірісінде, бейнебаянды үш ай бойы дайындаған екен. Джасейдің бұл трегі, Билборд чартының көшін бастап үлгерген.

Британдық әнші – Passenger-дің де Runaway атты әніне таспалаған клипін таныстырды. Музыкант, бұл бейнебаянда әр елді жаяу араламақ. Ал, Майкл Розенберг қазіргі таңда, америкалық жұлдыздардың хит әндерінің авторы болып табылады.