«Мarvel» киноәлемінің мерейтойлық туындысы!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Мarvel» киноәлемі жиырмасыншы, яғни мерейтойлық картинасының тұсуын кесуге әзір! Санаулы күндерден соң, «Құмырсқа адам және Ара» фантастикасы көрерменге жол тартпақ.

Адал жанкүйерлер асыға күткен кинолентада, көпшілікке «Құмырсқа адам» ретінде етене таныс Скотт Лэнг, әйгілі «Кек алушылар» қатарына қосылуға рұқсат алады. Алайда, ол суперқаһарманнық киімін ойлап тапқан Хэнк Пимның нұсқауы бойынша, серіктесі Арамен бірге өзге тапсырмаға аттанған еді. Бұл фантастикалық туындыда, доктор Хэнктың рөлі майталман актер - Майкл Дугласқа бұйырған болатын.

Майкл Дуглас, актер:

-Бұған дейін жарық көрген «Қара қабылан» фильміне көпшілік оң бағасын берді. «Құрмысқа адам мен Ара» да барлығына ұнауы тиіс. Себебі, бұл картинаны жасауда ұзақ еңбектендік.

Ал, отандық көрермен суперқаһармандық лентаны, шілденің 7-нен бастап үлкен экрандардан тамашалай алмақ!